Маман телефонды қуаттау кезіндегі қателіктерді атады

Цифрлы өнімдерді зерттеуші ресейлік маман Эльвина Насибулина телефон батареясының мерзімінен бұрын ескіруіне әкелетін қателіктерді атады деп хабарлайды Российская Газета. Эльвина Насибулина смартфонды түнде қуаттағышқа қосып қалдырмауға кеңес берді.

Керісінше ұйықтар алдында біраз уақыт бұрын қуаттап, энергияны үнемдеу режимін қосып қоюды ұсынды. "Телефонды температура тым жоғары немесе тым төмен бөлмеде қуаттамаған жөн", - деді маман. Сонымен қатар, сарапшы Қытайдан әкелінген "әмбебап қуаттағыштарды" пайдаланбай, түпнұсқа адаптерлерді пайдалануды ұсынды. Эльвина Насибулинаның айтуынша, телефон қуаты толық таусылғанын күтудің қажеті жоқ. "Батареядағы қуат деңгейі 10-15 пайыз болған уақытта құрылғыны тоққа қосу керек. Смартфон батареясы үшін 20 пайыздан төмендемеген және 80 пайыздан аспаған қуат деңгейі өте қолайлы болып саналады", - деді маман. Егер телефон қуаты тез таусылатын болса, параметрден қуат статистикасын тексеру қажет. Айтарлықтай ақау байқалса, бірден жөндетуге апарған дұрыс. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік. Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі. Бұдан бөлек, құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігі ескертілді. Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды. Сонымен қатар, ресейлік "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болатынын айтып берген еді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста