Әлемдегі сәби атаулының «мама» сөзін ұқсас, тіпті көп жағдайда бірдей дыбыстауының сыры неде?
Нұрғаным БАТЫРХАНҚЫЗЫ, Шымкент қаласы
Шынымен де, «мама» сөзі әлемнің көптеген тілдерінде осы күйінде қолданылады. Және этимологтардың бұл реттегі пікірі «аталмыш сөз «ма-ма» буынының қосарланып айтылуынан пайда болған» дегенге саяды. «Әдетте, уілдеп, тілі жаңа шыға бастаған сәбилер «ма»-мен қатар, «па», «ба» буындарын да жиі айтады. Өйткені бүлдіршіндердің тілді меңгеруі осындай жеңіл сөздерді дыбыстап үйренуден басталады. Тағы бір айта кетерлік жайт, бала үшін туған анасының қаншалықты маңызды екендігін көрсету үшін де адамдар ертеден-ақ сәбилердің осындай былдырына ерекше мән берген. Ал латын тілінде «мама» сөзі сәбиді ақ сүтке қандырар ана кеудесінің баламасы ретінде қолданылады.