«Мен жастарға сенемін» деп жыр толғаған Мағжан ақынның қысқаша өмірбаянын берсеңіздер. Ақынның ұстаздары кім болған және тұңғыш жинағы қай кезде жарық көрген?
Нұрсұлу Есенова, Қызылорда облысы
Алаштың арысы Мағжан Жұмабаев (1893-1938?) – ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, лирик ақын.
Туған жері – бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысындағы Сартомар ауылы. Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды. Ол оқу іздеп Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара-пар Ғалия медресесіне оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтің назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан жас ақынды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш жинағы 1912 жылы Қазан қаласында жарық көреді. Бұдан соң осы ұстазының ақыл-кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі. Мағжан Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы сынды қазақтың білгір тұлғаларынан дәріс алған. Ақын сондай-ақ «Сана» журналы мен «Ақ жол» газетінде жұмыс істеп, Мәскеудегі Жоғарғы әдебиет және көркемөнер институтында оқыған.
Мағжанның тұңғыш жинағы қашан шыққан?
Последние статьи автора