Интернетте жазылған лотереяда ұтудың түрлі тәсілдерінің көптігінен көз сүрінеді. Десек те бұл әдістер расымен жеңіске әкеледі ме? Лотереяда жеңімпаз атанудың нақты қадамдары бар ма? Алғаш рет лотерея ойнаған кезде нені ескерген жөн? Stan.kz тілшісі анықтап көрді.
Лотереяда жеңіске жетудің қатып қалған қағидасы жоқ. Десек те сарапшылардың сөзіне сүйенсек, бұл тұрғыда статистика мен ықтималдылық заңдылықтарын пайдалануға болады.
Өз басым лотерея билетін жүгіріп барып, сатып алмас бұрын, ең алдымен ғаламтордың көмегіне жүгіндім. Онда түрлі әдіс-тәсілдер мен лотереялардың ойнатылу жолдарын бір қарап, мұқият оқып шықтым. Ең қызығы, мұнда қандай киім сәттілік алып келетінінен бастап, лототронда ең жиі түсетін сандарға дейін жазылыпты. Осылайша, толығырақ лотерея жайлы біліп алған соң, мен де лотерея ойнап көруге бел будым.
Лотереяның қандай түрлері бар? Қалай ойнау керек және қалай жеңіске жету мүмкіндігін арттыруға болады?
Қазақстанның ресми лоторея операторы "Сәтті Жұлдыз" сайтында 15 лотерея түрінің билеттерін сатып алу мүмкіндігі бар: олардың бесеуі тираждық, 10-ы лездік лотереялар. Менің таңдауым тираждық лотереяларға түсті. Ойынға көбірек берілу үшін бірден үш билет - "LOTO 5/36", "Loto 6/49" және "Telebingo" сатып алдым.
Атап өтерлік жайт, бүгінде лотерея билеттерін онлайн сатып алу қатысушылардың жағдайын әлдеқайда жеңілдетеді. Билет алу үшін, сатылым нүктелеріне барудың еш қажеті жоқ. Бәрін үйден шықпай-ақ, онлайн "Сәтті Жұлдыз" сайтында орындауға болады. Өз басым жұмыстан шыға алмайтын болғандықтан, мұндай мүмкіндікті өте ыңғайлы деп таптым. Дегенмен сіз лотерея билетін қолыңызға ұстап, ойынның атмосферасын сезінгіңіз келсе, қаладағы сауда нүктелеріне барып сатып алуыңызға болады.
Билеттегі сандар тізбегін таңдар алдында, "Сәтті Жұлдыз" сайтындағы ең жиі ұтыс әкелетін нөмірлердің статистикасына жүгіну артық етпейді. Мәселен, мен "LOTO 5/36" лотереясында жеңіс алып келеді деген үмітпен, 2, 9, 28, 31 және 35 сандарын таңдап, "Loto 6/49" ойнында автотолтыруға сендім.
Лотереяның тұрақты ойыншыларының пікірінше, ең жиі таңдалатын сандардан аулақ болған жөн. Сонымен қатар, біреулер туған күн, ай немесе басқа да маңызды даталарды лотереяда қолданбаған дұрыс десе, ендігілері, керісінше, айтулы күндер сәттілік алып келуі ықтимал екенін айтады.
Егер статистика мен басқалардың кеңесіне сенбесеңіз, өзіңіздің ішкі түйсігіңізге құлақ түріңіз. Немесе билетті онлайн түрде сатып алсаңыз, автотолтыруды қолдану қарастырылған.
Ұтыс туралы қайдан білуге болады?
Әр лотереяның ойнатылу күні де әртүрлі. Мәселен, "LOTO 5/36" нәтижелері әр сейсенбі мен жұма белгілі болса, "Loto 6/49" сәрсенбі мен сенбі, "Telebingo" қорытындыларын жексенбіде "Астана" арнасынан көруге болады. Немесе теледидардағы көрсетілімді жіберіп алсаңыз, сіз кез келген уақытта ұтыс нәтижелерін "Сәтті Жұлдыз" сайтынан көре аласыз.
Айта кетейік, сіз 12 маусым күні "Астана" арнасында сағат 20:55-те су жаңа Camry 70 маркалы көлік ұтысы ойнатылады. Сізде бұл ұтысқа қатыса аласыз: ол үшін "LOTO 6/49" билетін мына сілтемеден өту арқылы сатып алуға болады.
Әрине, интернетте кездескен кеңестерді қолданғанның өзінде джекпот ұтып алатыңызға ешкім кепілдік бермейді. Десек те лотереяның ойын екенін ескеріп, барлық әдіс-тәсілдерді қолдану артық етпейтінін ұмытпаған жөн. Ең бастысы, ойын аяқталғаннан кейін билетіңізді тексеруді естен шығармаңыз.