Күнтізбенің атасы – «Борыш кітабы»

Күнтізбенің атасы – «Борыш кітабы»

Күнделікті өмірімізде күнтізбені жиі қолданамыз. Мен күнтізбені кім ойлап тапқанын және ол қашан пайда болғаны жөнінде білгім келеді. Қанат ҮСЕНТАЕВ, Алматы қаласы

Ерте замандарда әр халықтың уақыт есебiн жүргiзу ережесi әртүрлi болған, сондықтан әртүрлi күнтізбелер шыққан. Тарихта египет, вавилон, рим, араб, мая күнтізбесі сияқты көптеген күнтізбелер болғаны мәлiм. Әр айдың бірінші күнін латын тілінде календы деп атаған, оны көпшілікке арнайы адамдар жариялап отырған. Алғашында жұртқа календыларды жариялауда үш мақсат көзделген екен: қазынаға төлейтін алым-салықтардың уақытын белгілеуге, борышты адамдардың қарызын немесе несиесінің өсімін нақты бір күнде төлеуіне және діни мерекелердің уақытын дәл анықтап отыру үшін. Римде несие берушілер календыларға борышты адамдар туралы барлық деректерді бухгалтерия құжаттары сияқты етіп арнайы жазып отырған. Сөйтіп, қолмен жазылған борыш кітаптары пайда болған, олар календариумдар деп аталған. Дәл мағынасында календариум — «борыш кітабы» деген сөз. Бертін шыққан календарь (күнтізбе) кітаптарының арғы нұсқалары осы борыш кітаптары болып табылады. Осы күнге дейін сақталып келген календариумдардың ең көнесі – 354 жылы Римде жазылған «Борыш кітабы».

Ал баспаханада басылған күнтізбелердің шежіресі 1448 жылдан басталады. Сол жылы неміс шебері Иоганн Гутенберг тұңғыш рет қабырғаға ілетін табель-күнтізбе басып шығарады. Одан кейін 1474 жылы белгілі неміс астрономы Иоганн Мюллер журнал түріндегі 64 беттік толыққанды күнтізбе жасап шығады. Бұл өз тұсында теңдесі жоқ күнтізбе кітабы болып табылған. 
Күнтізбе туралы тереңірек білгіңіз   келсе,  М.Ысқақов, Х.Әбішев, С.И.Селешников, И.Ф.Полак сияқты көптеген зерттеуші ғалымдардың еңбектерін оқып, танысуыңызға болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста