Тұрғын үйлерде болатын өрт оқиғалары азаймай кетті. Өрт кезінде денесі күйіп қалған адамдар дәрігер шақыртқан жағдайда, олар «қандай дәрежеде күйік шалды» деп сұрайды екен. Ал абдыраған адам оны қайдан білсін? Күйік деңгейін қалай ажыратуға болады?
Мақсат Нұрсейітов, Атырау облысы
Өртке қарсы қызмет мамандарының мәліметінше, денесін күйік шалған адамның жарақатынан айығу мүмкіндігі оған дер кезінде көрсетілген көмекке байланысты. Сол себепті «Жедел жәрдем» келгенше күйік деңгейінің қандай екенін шамалай білген жөн. Күйіктің төрт деңгейі болады: 1) терінің қызарып, қанталап ісінуі; 2) теріде ісіктер мен көпіршіктердің пайда болуы; 3) күйік орнында қабыршақты жараның пайда болуы; 4) ұлпаның көмірге айналуы. Күйік шалған адамның терісін қозғамай, дәрігерлердің келуін күткен абзал.
Күйік деңгейін қалай ажыратады?
Последние статьи автора