Бауырымның атына несие алып берген едім. Ол төрт айдан бері төлей алмай жүр екен. Өзім болашақта ипотекалық несие алғым келеді. Несие хикаятыма селкем түсті ме, жоқ па? Соны білгім келеді
Банктер несиесін төлей алмай жүргендер туралы ақпаратты Кредиттік бюроға айына бір мәрте тапсырады. Егер борыштың төленбегеніне төрт ай болса, ақпарат бюроға түскен болуы керек. Оның анық-қанығын білу үшін осы орталыққа өтініш жіберуіңізге болады. Заңға сәйкес, жеке тұлғалар жылына бір мәрте несие хикаясы туралы ақпаратты тегін алуға құқылы. Екінші жолы 784 теңге төлеуге тура келеді. www.1cb.kz сайтында тұрған өтініш үлгісін толтырып, нотариусқа растатқан соң, пошта арқылы Кредиттік бюроға жолдау керек. Бюро мамандарының айтуынша, мәлімет бес жұмыс күнінде табылып, клиентке пошта арқылы жіберіледі. Мекеме Алматыда орналасқандықтан, оңтүстік астана тұрғындары жеке бас куәлігі мен РНН арқылы барып, несие хикаясын алуына болады. Мекенжайы – Наурызбай батыр көшесі,17-үй.