Кредиттік бюроға ақпарат қанша уақытта түседі?

Кредиттік бюроға ақпарат қанша уақытта түседі?

Бауырымның атына несие алып берген едім. Ол төрт айдан бері төлей алмай жүр екен. Өзім болашақта ипотекалық несие алғым келеді. Несие хикаятыма селкем түсті ме, жоқ па? Соны білгім келедіӘсел Мағазиева, Астана

Банктер несиесін төлей алмай жүргендер туралы ақпаратты Кредиттік бюроға айына бір мәрте тапсырады. Егер борыштың төленбегеніне төрт ай болса, ақпарат бюроға түскен болуы керек. Оның анық-қанығын білу үшін осы орталыққа өтініш жіберуіңізге болады. Заңға сәйкес, жеке тұлғалар жылына бір мәрте несие хикаясы туралы ақпаратты тегін алуға құқылы. Екінші жолы 784 теңге төлеуге тура келеді. www.1cb.kz сайтында тұрған өтініш үлгісін толтырып, нотариусқа растатқан соң, пошта арқылы Кредиттік бюроға жолдау керек. Бюро мамандарының айтуынша, мәлімет бес жұмыс күнінде табылып, клиентке пошта арқылы жіберіледі. Мекеме Алматыда орналасқандықтан, оңтүстік астана тұрғындары жеке бас куәлігі мен РНН арқылы барып, несие хикаясын алуына болады. Мекенжайы – Наурызбай батыр көшесі,17-үй.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста