Мемлекет басшылары деңгейлеріндегі кездесулерде бірлескен коммюнике қабылданды деп жатады. Бұл қандай құжат?
Марат ҚАЛТАЙ, Алматы облысы
«Коммюнике» – француздың «хабарлаймын» деген сөзінен шыққан сөз. Коммюнике – халықаралық келіссөздердің, келісімдердің, мемлекеттерге қатысты маңызды оқиғалар қорытындысының формальді ескертпе хабарландыруы. Мысалы, әскери операциялар, кеңестер, жиындар мен саммиттер туралы. Халықаралық қатынастарда бір елдің біржақты немесе өзге бір елмен бірлесіп қабылдаған актісін де коммюнике деп атайды. Коммюнике халықаралық келісім мәртебесіне ие бола алмайды. Бұрындары коммюнике социалистік елдердің арасында көп қабылданатын.
Коммюнике халықаралық құжат па?
Последние статьи автора