Көлікті техникалық байқаудан өткізуге қандай құжаттар талап етіледі?

Көлікті техникалық байқаудан өткізуге қандай құжаттар талап етіледі?

Көлікті техникалық байқаудан өткізуге қандай құжаттар талап етіледі және техникалық байқаудан өту мерзімдері қалай? Көліктің қандай бөліктері техникалық тексеруге жатады?
Асқар МЕҢЛІБАЕВ, Қарағанды облысы
ҚР Көлік және коммуникация министр­лі­гінің ақ­па­ратына қарағанда, 2012 жылдың 1қаңтарынан бастап міндетті тех­ни­калық байқаудан өту арнау­лы стенділермен және те­же­гіш жүйесінің, басқару тұтқасымен бас­қару­дың, жарық құрал­дарының, сонымен қатар газ шығару­дың тиімділік параметрлерін анықтай­тын құ­ралдармен жабдықталған жекеше орта­лықтармен жү­зеге асырылады.
Құжаттар тізімі:
1) көліктің мемлекеттік тіркеуден өту куәлігін;
2) жеке тұлғаның Қазақстан Республика­сының Са­лық кодексіне сәйкес ағымдағы жылға көлік салы­ғы тө­лен­гендігін растайтын немесе салықтан босату құқы­ғын растайтын құжаттарды;
3) көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауап­кер­шілігінің міндетті сақтандыру туралы келісімшартты (ұсынуы қажет).
Міндетті техникалық байқауды көліктің тіркеу орнына байланыссыз кез келген тех­никалық байқау орталы­ғында өтуге болады.
Техникалық байқау кезінде тексерілетін негізгі параметрлер:
1) тежегіш;
2) басқару тұтқасы;
3) терезелерден көріну мүмкіндігі;
4) сыртқы жарық құралдары;
5) дөңгелектер, шиналар, подвеска;
6) улы заттар мөлшері;
7) шасси агрегаттары мен бекітілу тү­йін­дерінің ах­уалы және жұмыс істеу жағ­дайы;
8) басқа да жабдықтардың ахуалы мен жұмыс істеу жағдайы (қауіпсіздік белбеуі, спидометр, жол дәрі қорабы, өрт сөндіргіші т.б.).
Автокөліктердің міндетті техникалық байқаудан өту мерзімдері:
1) әр 12 айда – шығу жылымен қосқанда 7 жылдан астам көліктерге;
2) әр 24 айда – шығу жылымен қосқанда 3 және 7 жыл аралығындағы көліктерге;
3) әр 36 айда – шығу жылымен қосқанда 3 жылдан кем көліктерге;
Адамдарды тасымалдауға арналған автобустар, шағын автобустар, таксилер және де жүк көліктері меншік нысаны мен шығу жылына байланыссыз міндетті техникалық байқаудан әр алты ай сайын өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста