Кептірілген алма мен алмұрт артық салмақтан арылуға көмектеседі әрі аллергиялық реакция тудырмайды. Бұл кептірілген жемістерде кездесетін жасұнық ағзадағы зиянды металдарды шығарады, ал пектиндер метаболизмді жақсартады.
Кептірілген алма мен алмұрт құрма секілді, мидың жұмысын жақсартады.
Арықтау үшін кептірілген жемісті қалай дұрыс пайдаланған жөн?
Арықтау үшін кептірілген жемісті қолданудың бірнеше тәсілі бар:
Сіз кез келген тамақты кептірілген жеміске айырбастайсыз. Егер сіздің мақсатыңыз артық салмақтан арылу болса, онда әдепкі түскі ас кезінде кептірілген жемістердің шағын порциясын жеңіз. Осылайша, 5 күн бойы жалғастырыңыз.
Егер сізге пошымыңызды сәл жақсарту керек болса, кептірілген жемістерді шайға қосып жесеңіз болады. Сонымен қатар, кептірілген жемістерді пайдалану шаш пен терінің, тырнақтың, иммунитеттің жақсаруына әкеледі. Тамақпен бірге әртүрлі кептірілген жемістерді жеуді әдетке айналдырыңыз.
Кептірілген жемістерді сақтау
Кептірілген жемістерді тығыз матадан дайындалған дорбада сақтаңыз. Бұл жемістердің бұзылып кетпеуіне көмектесетді. Ал полиэтилен пакеттерде кептірілген жеміс сақтауға болмайды. Кептірілген жемісті жейтін кезде міндетті түрде жақсылап жуыңыз.
Егер сіз тәтті жеуден бас тарта алмайтын болсаңыз, сөйте тұра, артық салмақ қосқыңыз келмесе, қара өрік, кептірілген өрік, мейіз, құрма және кептірілген алма мен алмұртты жеңіз.