Кәсіпкер болу қиын ба?
Елімізде кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер қарастырылған ба?
Ж.Ботабаев, Жамбыл облысы
Еліміздің Салық кодексіне сүйенсек, республика көлемінде салықтардың тоғыз түрі бар:
1.Корпоративті табыс салығы;
2.Жеке тұлғаның табыс салығы;
3.Қосымша құн салығы;
4.Акциздер;
5.Жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін салықтар мен арнайы төлемдер;
6.Әлеуметтік салық;
7.Жер салығы;
8.Көлік құралдары салығы;
9.Меншік салығы.
Ал салықтық жеңілдіктер тек шағын бизнес субъектілері мен шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге ғана қарастырылған. Мұнда шағын кәсіп субъектісі бір реттік талон (жылына 90 күнге дейін), патент негізінде (жұмысшы жалдамайтын, табысы жылына 1,0 млн теңгеден аспайтын жағдайда) немесе жеңілдетілген декларация тапсыру (жеке кәсіпкер – 15 адамға дейін жалдау, жылдық табысы 4,5 млн теңге; заңды тұлға – 25 адамға дейін, жылдық табысы 9 млн теңге) арқылы жұмыс істей алады.
Біртұтас жер салығы арқылы жұмыс істейтін, арнайы салық режиміндегі Шаруа қожалықтары бұл жағдайда ЖТС, ҚҚС, жер салығы, көлік құралдары салығы мен меншік салығынан босатылады.