Ғалымдар жыныстық қатынасқа түсер алдында ішімдік ішудің зиян екенін айтуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы limon.postimees.ee сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Зерттеушілер ішімдік ер адамның сексуалдық белсенділігіне кері әсер ететінін алға тартты.
Ішімдіктен ағзадағы судың мөлшері азайып, бұл өз алдына жүйке жүйесі мен жыныс мүшесінің қызметіне кедергі келтіреді екен.
Ғалымдар, сонымен қатар жыныстық қатынасқа түсер алдында ішімдік ішу құштарлықты арттырмайтынын, тек адамның өзін еркін ұстауына себеп болатынын айтуда.
Сол себепті, төсек қатынасында ішімдіктен аулақ болған жөн дейді мамандар.