Ішімдікке салынған адамды сотта әрекетке қабілетсіз деп тануға бола ма?

Ішімдікке салынған адамды сотта әрекетке қабілетсіз деп тануға бола ма?

-Саламатсыз ба! Менің жағдайым мынадай. Менің ағам қатты ішеді. Оның медициналық кітапшасында 2004 жылы алкоголик және шизофриния жоқ делінген. Бірақ та емделуден өткен жоқ және наркологтың есебінде тұрмайды. Учакелік полицияға арыз жазылған жоқ. Оны сотта әрекетке қабілетсіз деп тануыма қалай болады? Ол үшін қандай дәлелдемелер мен құжаттар қажет?

Амангелді

Қазақстан Республикасының Азматтық кодексінің 27 бабына сәйкес Спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға салыну салдарынан өзiнiң отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабiлеттiлiгiн сот Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген тәртiп бойынша шектеуi мүмкiн. Оған қамқоршылық белгiленедi. Ол тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы. Басқа мәмiлелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кiрiстерiн алуды және оларға билiк етудi ол тек қамқоршысының келiсiмiмен ғана жүзеге асыра алады.
Азамат спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабiлеттiлiгiне қойылған шектеудiң күшiн жояды. Сот шешiмiнiң негiзiнде азаматқа белгiленген қамқоршылықтың күшi жойылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізу кодексінің 302 бабының 1 тармағына сәйкес азаматты спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға, психотроптық заттарға немесе солар тақылеттестерге құнығуы салдарынан әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы іс оның отбасы мүшелерінің, прокурордың, қамқоршы және қорғаншы органның арызы бойынша қозғалуы мүмкін.
Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы арыз сол азамат тұратын жердегі, ал егер адам психиатриялық (психоневрологиялық) емдеу мекемесіне жатқызылса, сол мекеме орналасқан жердегі сотқа беріледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізу кодексінің 303 бабына сәйкес Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы арызда спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға, психотроптық заттарға немесе солар тақылеттестерге құнығып кеткен адамның өз отбасына материалдық жағынан ауыр жағдай жасайтындығын куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс.
Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы арызда өз әрекеттерінің нақты сипаты мен маңызын түсінбеуі немесе не істегенін білмеуі салдарынан азаматтың психикалық ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы болуын куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс.
Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы арыз қабылданғаннан кейін судья процесте қозғалған іс бойынша азаматтың мүдделерін білдіру және қорғау үшін ресми өкіл-адвокат тағайындайды.
Ресми өкіл-адвокаттың заңды өкіл өкілеттігі болады. Заңға сәйкес мұндай адвокаттың заң көмегі тегін көрсетіледі.
Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы істі сот, егер азаматтың денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, оның өзінің, прокурордың және қамқоршы және қорғаншы орган өкілінің қатысуымен қарайды.
Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істі сот қамқоршы және қорғаншы орган өкілінің және прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды. Әрекетке қабілетсіз деп тану туралы ісі қаралып жатқан азамат, егер денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, сот отырысына шақырылуы мүмкін.
Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істі қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден арыз беруші босатылады.
Арыз берген отбасы мүшелерінің, жақын туыстардың, азаматты әрекетке қабілетсіз деп көрінеу негізсіз таныту мақсатымен теріс пиғылды әрекет жасағанын анықтаған сот олардан барлық сот шығындарын өндіріп алады.
Егер азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тануға негіздердің болмау фактісін анықтаса, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған сот шешімі қамқоршы және қорғаншы органның әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматқа қорғаншы тағайындауына негіз болып табылады.
Азаматты әрекетке қабілетсіз деп таныған сот шешімі қамқоршы және қорғаншы органның әрекетке қабілетсіз азаматқа қамқоршы тағайындауына негіз болып табылады.
Қамқоршы және қорғаншы орган әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз азаматқа тиісінше қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғаны туралы сотқа он күн мерзім ішінде хабарлауға тиіс.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізу кодексінің 302-308 баптарын қараңыз.

Адина А. заңгер
meninkyzmetim.ucoz.kz/

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста