«Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысып, «ҚазТрансОйл» АҚ акциясын сатып алдым. Жалпы, маған инвестициялық тәуекелдің не екенін тереңірек түсіндіріп берсеңіздер.
Ағыбай, Қарағанды облысы
Қор биржасында басты назарға ұстайтын үш тәуекел бар. Біріншісі – акция бағасының төмендеп кетуі. Биржадағы құнның тұрақсыздығы – аталған нарық үшін қалыпты жағдай. Мұнда өсу мен құлдырау бір-бірімен ұдайы алмасып тұрады. Сондықтан қор биржасы жаңалығын құр жібермей, акция бағасы өскенде пайда тауып, құлдырауда шығынды азайту тұрғысында қам жасауыңыз керек. Екіншісі – өтімділік тәуекелі. Мысалы, сіз сатып алған бағалы қағаздың бүгін өтімділігі жоғары болғанымен, сатпақшы болған кезде оның ешкімге керегі болмай, өтімділік деңгейі төмендеуі мүмкін. Сондықтан ұтылмас үшін әр кез өтімділік деңгейі артқан сәтті қадағалап отыру керек.Тіпті өтімділік деңгейі күрт төмендесе, қайталанушы рынокқа зейнетақы қоры секілді ірі инвесторлар тартылады, яғни олар акцияларға деген тиісті сұранысты қамтамасыз етуі керек. Үшіншісі – нарықтағы қолайсыз орта. Бұл жерде біздің нарыққа әлемдегі оқиғалардың теріс ықпалы жайында сөз болып отыр. Мұнай бағасының төмендеуі, табиғи апаттар және өзге де төтенше жағдайлар. Күтпеген әлемдегі оқиға нарық бағасын бір демде құбылтып жіберуі мүмкін. Бірақ осындай оқыс жағдайлар ықпал етпес үшін мемлекетіміз табыстылығы әлемдік конъюнктураға тәуелді емес компанияларды аталған бағдарламаға қатыстырып отыр.
Инвестициялық тәуекелдер дегеніміз не?
Последние статьи автора