ІІІ топ мүгедектері зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

ІІІ топ мүгедектері зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Менің әкем – үшінші топ мүгедегі, жасы 60-та. Денсаулығы жиі сыр береді. Жасына қарап ешкім жұмысқа да алмайды. Осы орайда менің білгім келгені – ІІІ топ мүгедектері зейнеткер­лікке ерте шыға ала ма? Егер шығатын болса, мүгедектікке байланысты жәрдемақы мен зейнетақы қоса төлене ме?
Айткүл,
Ақтөбе облысы
Сарапшы маманның мәліметін­ше, ҚР 1997 жылғы 16 маусымдағы №126 «Қазақстан Республикасында мү­гедектігіне, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жа­­сына байланысты берілетін мем­ле­кет­тік әлеуметтік жәрдемақылар ту­ралы» Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) азаматтарға мүгедектік тобы­на байланысты мемлекеттік әлеу­мет­тік жәрдемақы тағайындалып тө­ленеді.
Ал жасына байланысты зей­нетақы төлемдерін толық көлемінде таға­йындау «Қазақстан Республи­касын­да зейнетақымен қам­­сыз­дан­дыру туралы» Заңына сәйкес 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі толық еңбек өтілі әйелдерге 20 жыл (ер­кек­терге – 25 жыл) болған жағдайда (әйел­дердің жасы – 58-ге, ал еркек­тер­дің жасы 63 толғанда) көздел­ген. Осы зейнеткерлік жасқа толған жағ­дайда, егер зейнетақы төлемінің мөл­шері жәрдемақы мөлшерінен тө­мен болса, онда зейнетақы мөл­шері осы санаттағы мүгедектерге бел­­гіленген мүгедектік жәрдемақы мөл­шеріне жеткізілуі тиіс.
Жеңілдікпен зейнеткерлікке шы­ғу­ға тек бес және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәр­бие­леген аналардың ғана (толық ең­бек өтілімен 53 жасқа толғанда) құқы­ғы бар.
Мүгедектікке байланысты жәр­дем­­ақыны және зейнетақыны қатар төлеу қолданыстағы заңнама­ларда көзделмеген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста