Ядролық қарумен жарақтану жалғасып жатыр
Жыл сайын БҰҰ әлемдегі ядролық қаруды азайту жөнінде түрлі шаралар ұйымдастырып жатады. Бұл шаралар нәтиже беріп жатыр ма?
Қанат, Тараз
SIPRI деректеріне жүгінсек, әлемнің ядролық державалары атомдық қару арсеналын әлі де күшейту үстінде. Әлемде жалпы саны тоғыз мемлекет ядролық қаруға ие: АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Израиль, Солтүстік Корея. Оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының «Ядролық қару таратпау жөніндегі» келісімшартына қол қойған бес мемлекеттің ядролық қаруы ресми тіркелген. Олар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай. SIPRI деректеріне сүйенсек, қазіргі кезде Қытайда – 250 ядролық оқтұмсық, Пәкістанда – 100-120, Үндістанда 90-100 оқтұмсық бар. Бұл осыдан екі жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 10 пайызға артық. Ядролық қарулы елдердің арасында тек Ресей мен АҚШ қана ядролық оқтұмсықтарының санын азайтуда. АҚШ Президенті Барак Обама АҚШ-тың ядролық арсеналын 80 пайызға азайтуды жоспарлауда. Ресейдің ядролық арсеналы 18 мың стратегиялық оқтұмсықты құрайды. Қару санын өзгертпей ұстап отырған үш ел бар. Ұлыбритания (ядролық арсеналы 246–296 оқтұмсық), Франция (300), Израиль (80).