Жуырда ғана дүние салған атақты қазақстандық суретші Гүлфайрус Исмаилованың шығармашылық өмірбаянын білгім келеді.
Назым Бейсенқызы, Ақмола облысы
Биыл 12 мамыр күні көрнекті кескіндемеші, театр және кино суретшісі Қазақстанның халық суретшісі, Гүлфайрус Мәнсүрқызы Исмаилова 84 жасқа қараған шағында дүние салды.
Гүлфайрус Исмаилова 1929 жылы Алматы қаласында туған. 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1956 жылы Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірді. 1947-49 жылдары Қазақ мемлекеттік консерваториясының вокалдық факультетінде оқыды. 1956–57 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде сабақ беріп, 1971–74 жылдары Қазақтың академиялық опера және балет театрында бас суретші ретінде қызмет атқарды.
Нәзік қылқалам шебері Г.Исмаилова бірнеше опера, балет, спектакль және кинофильмдерге декорация мен костюмдер эскиздерін жасаған. Актриса ретінде «Аласталған Алитетте», «Ботакөз», «Қыз Жібек» фильмдерінде ойнаған. Өз ісінің майталманы «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері» медалімен, «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы», Парасат ордендерімен, өнерге қосқан сүбелі үлесі үшін «Тарлан» сыйлығымен марапатталған.
Гүлфайрус Исмаилова нәзік қылқалам шебері еді
Последние статьи автора