Ғасырдан да ұзақ жасаған саясаткерлер
Әлемде ең ұзақ жасаған саясаткерлер кімдер? Қазіргі саясаткерлердің ең үлкенінің жасы нешеде?
Есен Мәпиболатов, Талғар
Адамзат тарихында ғасырдан ұзақ жасаған танымал саясаткер, мемлекет қайраткерлері арасында Запорождық Сечьтің кошевой атаманы Калнышевский Пётр Ивановичтің есімі аталады. 85 жасында түрмеге қамалған Калнышевский император Александр кешірім жасағанша 110 жасқа дейін 26 жыл бойы тас қапаста отырған. Абақтыдан шыққан ол екі жылдан кейін 112 жасқа жеткен шағында дүниеден өткен. Тарихта саясаткерлер арасында монархист Василий Шульгин – 98 жыл, Лазарь Каганович – 97 жыл, Вячеслав Молотов 96 жыл өмір сүрген. Лениннің жеке хатшысы Лидия Фотиева – 93 жыл, АҚШ Президенттері Рональд Рейган мен Джеральд Форд – 93 жыл, Ауғанстанның соңғы королі Захир Шах пен Қытай реформаторы Дэн Сяо Пин – 92 жыл, атақты кардинал Ришелье – 92 жыл, Чили диктаторы Аугусто Пиночет – 91 жыл, ағылшын премьер-министрі Уинстон Черчилль мен маршал Семен Буденный 90 жыл жасаған. Алла жазса, биыл ОАР-дың бұрынғы Президенті, Нобель сыйлығының иегері Мандела Нельсон – 94 жасқа, АҚШ-тың экс-президенті Джимми Картер – 88 жасқа, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі, кезінде «темір леди» атанған Маргарет Тэтчер – 87 жасқа, ал Кубаның бұрынғы көсемі Фидель Кастро 86 жасқа толмақ.