Ғарыштан қандай дыбыстар естіледі?
Білгім келгені, адам ғарышта дыбыс ести ме? Ғарыштағы дыбыс туралы қандай деректер бар?
Гүлдана АСҚЫНБАЙ, Атырау қаласы
Дыбыс ауаның тербелісі арқылы шығады. Ғарышта ауа жоқ болғандықтан, дыбыс та жоқ. Онда жарық және радиотолқындар қалай тарайды деген сұрақ туады? Жарық пен радиотолқындарға дыбысқа қарағанда, ауа қажет емес. Бұл толқындарды біз қабылдағыш арқылы радиотолқынға айналдыра не көре аламыз? Ғарышкерлер ғарыш аппаратынан тыс дулығадағы (шлем) радиостансы арқылы бір-бірімен хабарласа алады.
Ғарышта ауа болмағанымен, басқа газдар бар. Онда дыбыс неге солар арқылы таралмайды? Шынымен, бұл газ дыбыс толқындарын тарата алады, бірақ газдың жұлдызаралық бұлттары Жер атмосферасына қарағанда тығыздығы азырақ. Дыбыс толқыны газ бұлттары арқылы таралады, бірақ өте төмен тығыздықтың әсерінен ештеңе ести алмаймыз. Бәлкім, таңғажайып қабылдағыш микрофонымыз болса, дыбыс ести алатын шығармыз, дегенмен ғарышта құлақ түбінде толық тыныштық болады.
Ал фантастикалық фильмдердегі ғарыштағы ғарыш кемелерінің жарылысын, жақын жердегі дыбысты естуін қалай түсіндіреміз? Бәлкім, дыбысты жеткізуші ғарыш кемесі ішіндегі ауа шығар? Ғарыштағы дыбысты жарылыстар – тек фильмдегі көріністер. Жарылыс нәтижесінде газ дыбыс таратуы мүмкін, дегенмен зерттеулер нәтижесі ғарышта түзілген газдар тығыздығын жойып, сейілетіндей бос қуыс екені анықталған. Сондықтан, ғарыш үнемі үндемейді.