Елбасы геосаяси тұрғыда ең алғаш көтерген еуразияшылдық идеясының теориялық негізін салушылар кімдер? Қай ғалымдардың еңбектерінен еуразияшылдық идея көрініс тапты?
Марал ӘБСЕМЕТОВА, Алматы
Еуразияшылдық – 1920 жылдары орыс эмиграциясының арасында пайда болған саяси-идеялық және философиялық ағым. Еуразияшылдар Ресейді Азия мен Еуропаның ортасындағы ерекше құрлық және ерекше мәдениет деп таныды. Еуразияшылдықтың басы Н.С.Трубецкойдың, П.Н.Савицкийдің, Г.В.Флоровскийдің және Сувчинскийдің «Шығысқа қарай бетбұрыс» атты мақалалар жинағының (София, 1921) жарық көруінен басталды. Сондай-ақ еуразиялық мектептің өкілдері қатарында И.А.Ильин, Н.Ширяев, А.В.Кожевников, Д.П.Святополк-Мирский, Н.Н.Алексеев, В.П.Никитин, В.Н.Иванов, Я.Д.Садовский сияқты көрнекті ғалымдар болды. Еуразиялық идеялар КСРО-да 1970-1980 жылдары ең алдымен Л.Н.Гумилевтің еңбектерінің арқасында кеңінен танылды. Қазақстан ғалымдары еуразиялық идеяны жаңаша мазмұнды ғылыми негіз деп келеді. Еуразияшылдық идеяларын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев теориялық тұрғыдан қолдап қана қоймай, оны жаңаша мазмұнда практикалық тұрғыдан жүзеге асыруға сүбелі үлес қосып келеді.
Еуразияшылдық идеясының бастаулары
Последние статьи автора