Қазақта «Едіге батыр» жыры бар. Сол Едіге тарихта қандай ерекшелігімен қалған?
Медет РЫСБАЙҰЛЫ, Тараз қаласы
Тарихта болған атақты батыр, ел билеуші Едігенің ерлік істерін жырлауға арналған «Едіге батыр» жыры қазақта ғана емес, түркі тілдес халықтардың біразында кездеседі. Жырда тарихи оқиғалар мен эпостық-ертегілік сарындағы қиял-ғажайып, әсірелеу сарындары араласа келеді. Эпоста тарихта есімдері мәлім Әмір Темір, Тоқтамыс хан жайлы да сөз болады. Жыр қазақ даласына кең тарап, халықтың сүйікті шығармасына айналған. Жырдың қазақ тілінде бірнеше нұсқасы бар. Олардың ішінде құндыларының бірі – Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы жазып алған нұсқа.
Ал енді батырдың тұлғасына келсек, тарих Едігенің 1397-1411 жылдар аралығында Алтын Орданы билеген хан болғанын айғақтайды. Әйгілі тарихшы Г.Клавихо өзінің «История великого Тамерлана» атты еңбегінде Едігенің қол астында 200 мың әскер болғанын және Едігенің тіпті Тоқтамыс ханның әскерін талқандаған ірі қолбасшы болғанын жазады. Едігенің әділ әрі биік парасат иесі болғандығын оның өз заманында адамды құл ретінде сатуға тыйым салғандығынан байқауға болады.
Ер Едіге ертегі ме, шындық па?
Последние статьи автора