ЕҚЫҰ тарихында маңызды құжаттар қабылданған деседі. Рәсімделген құжаттар қандай мәселені қамтитынын айтып берсеңіздер.
Фархат СЕГІЗБАЕВ, Алматы облысы
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тарихында бірнеше құжаттар қабылданған. Солардың ішінде бесеуі аса маңызды болып саналады. Құжаттардың ең алғашқысы – 1975 жылы қабылданып, аталған ұйымның қалыптасуына ықпал еткен «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің қорытынды актісі», ал 1990 жылы екі бірдей құжат рәсімделді. Олар: «Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясы» мен «Еуропалық қарулы күштер жөніндегі келісім». Араға үш жыл салып, 1993 жылы «Агрессиялық ұлтшылдық жөніндегі келісім» қабылданды. Ал ұйымның соңғы Түркияда өткен саммитінде 1999 жылы Еуропа қауіпсіздігі хартиясы рәсімделді.