Энцефалит ауруының адам өміріне қаупі қанша?

Тауда серуендеп жүргенде баламды кене шағып алыпты. Дәрігер «энцефалит ауруына күдік бар, бір ай бойы бақылауда боласың» депті. Бұл қандай ауру және оның адам өміріне қаупі қанша?
Меруерт,
Алматы облысы
Ә.М. ҚҰРБАНОВ, ҚР ДСММСЭҚК «Алматы қаласының дезинфекция станциясы» РМҚК маманы:
– Кене энцефалиті – адамның орталық жүй­ке жүйесін зақымдайтын, кене шағу сал­да­рынан пайда болатын аса қауіпті ауру. Энцефа­лит вирусын тасымалдаушы кене шаққан жағдайдың 20-30 пайызында адам өте ауыр кеселге ұрынып, сал ауруына шал­ды­ғып, мүгедек болып қалуы, тіпті қазаға ұшы­рауы мүмкін. Сондықтан дер кезінде дәрі­гердің көмегіне жүгіну керек. Дер кезінде дә­рігерлік көмекке жүгіну энцефалит ауруы­ның қатерін жоюға көмектеседі.
Қ.К. ҚЫРДАСЫНОВ, ҚР ДСММСЭҚК «Алматы қаласының дезинфекция станциясы» РМҚК маманы:
– Бүгінгі таңда елімізде кене энцефалиті ауруының эпидемиялық энтомологиялық жағдайы қолайсыз болып тұр. Оның басты себептерінің бірі – зарарсыздандыру жұмыс­тарының уақытында жүргізілмеуінде болып отыр. Жыл сайын наурыз-тамыз айларында кенелік энцефалит вирусын тасымалдайтын иксодид кенелер анағұрлым көп байқалатын аймаққа Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүс­тік Қазақстан, Жамбыл облыстары және Ал­ма­ты қаласының маңайы жатады. Аталған ау­ма­қтарда кененің шағуы адамды қауіпті ауру­ларға ұшыратуы мүмкін. Жыл сайын Ал­маты маңында ауру тасмалдаушы кенелер түрі көбеюде. Кене энцефалитін тасымал­даушы кенелер белсенділігінің маусымы қыр­күйек айына дейін созылуы ықтимал. 2013 жылдың эпидемиологиялық мерзімін­де Алматы қаласында 1469 адамды кене шаққан, оның ішінде 631-і – балалар. Сәуір мен мамыр айында Алматы қаласында екі кене энцефалиті тіркелді. Ал 2011-2012 жылдары республика бойынша 40 кене эн­цефалиті тіркелген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста