Еңбек өтілі толық болмаса, зейнетақы қалай есептеледі?

Еңбек өтілі толық болмаса, зейнетақы қалай есептеледі?

Мен желтоқсан айында 58 жасқа толамын. Бірақ 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілім 20 жылға толмай отыр. Осы орайда менің білгім келгені, зейнеткерлікке шыққанымда менің зейнетақым қалай есептелінеді?
Қатира ҚАСЫМОВА,
Қарағанды облысы
Мемлекеттік зейнетақы тағайын­дау орталығы маманының мәлі­ме­тінше, ҚР «Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы зейнетақымен қам­­­­­сыз­­­дандыруы туралы» Заңына сәйкес (бұдан әр – Заң), ер-азамат­тарға 25 жыл еңбек өтілімен 63 жасқа, ал әйелдерге 20 жыл еңбек өтілімен 58 жасқа толғанда зейнетақы тө­лемдері тағайындалады.
Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеуде 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгі еңбек өтілі есепке алынады және еңбек кiтапшасымен расталады. Ал еңбек кiтапшасы жоқ немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттардың негiзiнде не сот шешімінің негізінде анықталады.
Толық еңбек өтілі болмаған жағдайда, 1998 жылдың 1 қаңтарына бар еңбек өтіліне пропорционалдық есеппен толық емес көлемдегi зей­нетақы төлемдерi белгiленедi (негіздеме: Заңның 9-бабы 6-тар­мағы).
Айта кететін жайт – зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала үш жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт, жоғары және орташа арнаулы оқу орындары есепке алынады (негіздеме: Заңның 11-бабы 1-тар­мағы).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста