Қазақ тарихында ең ұзақ хан тағында отырып, билік жүргізген хан кім?
Айбек, Талдықорған қаласы
Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында ең ұзақ хандық құрған – Хақназар хан. Ол билікке 1538 жылы келіп, 1580 жылға дейін, яғни 42 жыл бойы хан болды. Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523-1524 жылдары қазақ-қырғыз одағын нығайтып, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атала бастады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Қазақ хандығының күшеюі және халық өмірінің оңалуы, Ноғай одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар тағы басқалардың Қазақ хандығына келіп қосылуына септігін тигізді.
Ең ұзақ хандық құрған қазақ ханы кім?
Последние статьи автора