-Әлемде немістердің, жапондардың, америкалықтардың еңбекқор халық екені айтылады. Бұл қатарға тағы кімдерді жатқызуға болады?
Айдар, Астана
«Форбс» журналының зерттеуі бойынша қазіргі кезде әлемдегі ерекше еңбекқор халық Оңтүстік Корея болып табылады. Аталған елдің азаматтары жылына 2357 сағат еңбек етеді екен. Барлық мекемелер аптасына алты күн жұмыс істейді. Ал жылдық демалыс біздегідей бір ай емес, бар болғаны үш күнді құрайды. Еңбекқор халықтардың тізімінде екінші болып гректер аталады. Азаматтар жылына шамамен 2050 сағат бел жазбай жұмыс істейді екен. Одан кейінгі орындардан чехтар, венгрлер, поляктар көрінді. Ал АҚШ халқы еңбекқорлық жағынан 9-орында, олар жылына орта есеппен 10 күн демалыс алады. Британиялықтардың жылына 20 күн заңды демалысы бар. Сол сияқты Таиланд, Малайзия, Гонконг, Бангладеш және Шри-Ланка, Қытай тұрғындары да еңбекқор халықтардың рейтингіне енді.
Ең еңбекқор халық деп қай елді айтамыз?
Последние статьи автора