Ең бай, көне әдебиет – парсы-тәжік әдебиеті
Кейбір мамандар «шығыс халықтарының ішінде ең көне әдебиет – араб әдебиеті» десе, енді біреулер «парсы-тәжік әдебиеті» дегенді айтады. Жалпы, осы екі пікірдің қайсысы дұрыс?
Маржан МҰРАТҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Шығыс халықтарының ішінде ең бай, ең көне әдебиет парсы-тәжік әдебиеті болып саналады. ХХ-ХV ғғ. арасы Иран мәдениеті, әдебиеті үшін алтын ғасыр санатына жатады. Ежелгі заманда Орта Азия және Иран халықтарының түп-төркіні, тарихы бір болған, бірге дамыған, сондықтан да парсы поэзиясының биіктері мен шыңдары тәжік халқының да ортақ мұрасы болып саналады. Ерте замандарда Орта Азия мен Иран халықтарының поэзиясының шығармашылығы бір бастаудан өріс алған. Бұлар үшін барлық даналықтың басы – «Авеста». Бұл кітаптың ішіндегі көптеген тараулар, жазбалар кейінгі ғасырлардағы парсы-тәжік поэзиясының өріс алуының негізі болған.