Еліміздегі өзен көліктері жайлы білгім келеді. Қазіргі таңда қолданыста қанша су көлігі бар? Олардың түрлері қандай? Жылына қанша жолаушы мен жүк тасымалдайды?
Рахат НҰРТАЕВ, Ақмола облысы
ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, елімізде 158 дана өзен көлігі тіркеуге алынған. Оның ішінде 12 жүк көлігі, 71 баржа, 51 буксир және жолаушы тасымалдайтын 24 кеме бар. Өзен көліктері бағыттарының жалпы ұзындығы – 4063 шақырым. Жылына шамамен 1 120 000 тонна жүк тасымалданып, 108 000 адам су көліктерімен жол жүреді. Кеме мен қайықты, негізінен, өзендегі көлік қатынасы дамыған Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласының тұрғындары мінеді.
Еліміздегі өзен көліктерінің саны қанша?
Последние статьи автора