Елімізде Астана есімді қанша азамат бар

Елімізде Астана есімді қанша азамат бар

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше елімізде Астана есімді 26 тұрғын бар, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Солардың бірі Жамбыл облысындағы Ақшолақ ауылында тұрады. Есімі ерекше тұрғын бүгінде 13 жасқа толған.

 

Ақшолақ ауылының өз Астанасы бар. Олай дейтініміз ауылда елорда атымен аттас өрен тұрады.

 

93 жастағы Қазы ақсақал тұңғыш шөбересінің есімін өзі қойған. Зейнеткер Астана десе өркендеп тәуелсіздікпен бірге өскен шаһар еске түсетінін айтады. Сондықтан ырымдап өніп өссін деген ниетпен есімін Астана қойыпты.

 

ҚАЗЫ ДӘРМЕНОВ, Астана Ақылбаевтың атасы:

 

- Бір күні келінім босануға кетті. Балам телефон соқты босанды деп. Не туды? Ұл туды. Онда атын Астана қойыңдар дедім. Енді үлкен қаланың аты ғой. Соған қойдық. Ерекшесі. Өзім жақсы көрем. Басқа балалардың атын қойғаным жоқ. Осы біріншінің атын қойдым.

 

13 жастағы Астана биыл 7 сыныпты бітірді. Сабақ үлгерімі жақсы, спортқа етене жақын, ол дзюдомен айналысады. Бүгінге дейін ол елордасында болмаса да, алдағы уақытта Астанаға баруды қалайды.

 

АСТАНА АҚЫЛБАЕВ, Ақшолақ ауылының тұрғыны:

 

- Өскенде ұшқыш болғым келеді. Ата-анамды Мысыр Египет барлық жерге қыдыртқым келеді. Астананы өздеріңіз білесіздер әлемге танымал әйгілі әдемі қала. Мен де өзімнің атымды шығарып, Қазақстанның да атын шығарып елге қызмет еткім келеді.

 

5 баланың үлкені бауырларына қарасып, үй тірлігіне де қолғабыс жасайды.

 

ГҮЛНАРА ЖҰРЫМБАЕВА, Астана Ақылбаевтың анасы:

 

- Балаға да қарасады, үйге қарасады. Өзі мейірімді бауырларына. Ақылды, сабақты жақсы оқиды. Негізі ағылшыннан жақсы, ағылшыннан қосымшаға барады. Енді қазір бала ғой енді. Біресе ұшқыш болам дейді, кейде спорт жағына бейімделеді. Қай мамандықты таңдаса да қолдауымызды білдіруге дайынбыз.

 

Айта кетерлігі ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде Астана есімді 26 тұрғын тұрады. Олардың басым көпшілігі ер азаматтар екен.

 

Сонымен қоса Астанай, Нұрастана, Бәйтерек есімді тұрғындардың есімдері де кездеседі.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста