Экономикалық термин көбейді

Еліміз Тәуелсіздік алған соң, экономикасы да түгелдей жаңғырды. Демек, экономикалық терминдер көбейді. Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген экономикалық терминдер қандай? Олар қазақшаланып, бір ізге түсірілді ме?
Маржан СӘКЕНҚЫЗЫ

Расында да, еліміз егеменді ел санатына қосылып, нарықтық экономикаға көшуі барысында экономикадағы түбегейлі өзгерістер толып жатқан жаңалықтарды алып келді. Мұның өзі баламалы терминологияны пайдалану қажеттігін талап етті. Экономиканың түрлі салаларында жаңа категориялар мен ұғымдар, терминдер мен терминологиялық тіркестер пайда болды. Бұл терминдер орыс тілінен қазақ тіліне аударылып, ұлттық экономикалық сөздік қорымызды молықтырды. Жаңа терминдер экономикалық өзгерістердің жарқын көрсеткіші іспетті. Мәселен, қа­зіргі заманға сай экономикалық сөз­діктің құрастырушысы С.Тоқсанбай өзінің 1999 жылы жарық көрген «Толық эконо­ми­калық орысша-қазақша сөздік» атты көлемді кітабымен аудармашыларға, қар­жы-кредит саласының қызметкерлері мен экономистерге кеңінен танымал. 80 000 терминді қамтыған аталмыш сөздік қалың оқыр­ман қауым тарапынан жақсы бағаланып, аудармашылар мен экономистер, қаржы-кредит саласының мамандары арасында қолдан түспейтін көмекші құралға айналды.
Сондай-ақ Тәуелсіздік жылдары қол­данысқа енген және қазақшаланған экономикалық терминдердің өте көп екенін айту керек. Айталық, баспабас – бартер, делдал – брокер, жобақаржы – смета, демеуқаржы – дотация, шотесеп – расчет, мүлікбасы – товаровед, рынок – нарық, конкуренция – бәсеке, совершенная конкуренция – кемел бәсеке, совершенная монополия – кемел монополия деген сияқты кете береді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста