Екінші деңгейлі банктің дәрежесі төмен бе?

  • 14

«Екінші деңгейлі банк» деп жатады. Сонда бірінші деңгейлі де банк болғаны ма? Олардың айырмашылығы не?
Сәбира, Тараз

Көптеген елдерде қос дәрежелі банк жүйесі жұмыс істейді. Бірінші деңгейде – Орталық банк тұрады. Орталық банк Қазақстанда – Ұлттық банк, АҚШ-та – Федералды резерв жүйесі, Ұлыбританияда – Англия банкі, Ресейде – Орталық банк деп аталады. Орталық банктің қызметі – валюта айырбасы бағамын реттеу, есеп ставкалары арқылы ақша нарығына, инфляцияға ықпал ету кіреді. Орталық банктер жеке тұлғаларға несие берумен айна­лыспайды және пайда табуды мақсат етпейді. Есесіне, ұлттық валюта бағамын экономикаға тиімді деңгейде ұстау үшін миллиардтаған доллар сатып, валюталық интервенциялар жасауы мүмкін. Ал екінші деңгейлі банктер дегеніміз – кәдімгі коммерциялық банктер. Елімізде қазір екінші деңгейлі банктер саны – 37. Оның арасында ак­цияларының 100 пайызы үкіметке тиесілі – «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» де бар. Екінші деңгейлі банктер халықтан депозит жи­нап, кредит беріп, ақша аудару, кепіл болу сияқты түрлі қызметтер арқасында пайда табады.

Автор
Последние статьи автора
  • 331
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 472
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста