Домен деген не?
Интернет желісінде пайдаланылатын түрлі домендер бар. Домендерді кім бекітеді және олар қалай жіктеледі?
Ғабит САЛҚЫНБАЙ, Қызылорда облысы
Домен деген – ол сіздің сайтыңыздың тіркеуден өткен атауы. Домендер екі үлкен бөлікке бөлінеді: Біріншісі – жалпы пайдаланатын домендер (generic TLD немесе gTLD) және екіншісі – ұлттық екі әріпті домендер (country code TLD немесе ccTLD). Жалпы пайдаланатын домендерге COM, NET, ORG, INFO, BIZ, MUSEUM, NAME, AERO, COOP, PRO, INT, GOV және басқа да домендер жатады.
Қазіргі сәтте ISO 3166-1 халықаралық стандартқа сәйкес, елдер мен аумақтардың екі әріпті кодтар саны бойынша ұлттық домендер (KZ– Қазақстан, RU – Ресей үшін, DE – Германия үшін, UK – Ұлыбритания үшін) пайдаланылады. Ұлттық домендерді басқару бойынша өкілеттік елдердің интернет-қауымдастықтарының келісімдері бойынша беріледі.
Ұлттық домендерді дамытудың жалпы үрдістері мынадай: біріншіден, академиялық желілерден ұлттық домендердің операторлар (провайдерлер) бірлестігіне өтуі, сондай-ақ қатар тіркеу ережелерін дайындауға елдің интернет-қауымдастығының қатысуы: нарықтың кәсіби қатысушылары, тұтынушылар, қоғамдық (кейде үкіметтік) ұйымдар; екіншіден, домендік атауларды тіркеуде операторлар қатысуының коммерциялық кестелерін дайындау; үшіншіден, домендерді тіркеудің ашық ережелеріне біртіндеп өтуі, шектеулердің алынуы.
Қазақстанда KZ доменін басқару және реттеумен екі ұйым айналысады. Аталған доменнің техникалық жағынан жұмыс істеуіне жауапты Қазақ желілік ақпарат орталығы мен құрамында ұлттық доменді тіркеу және дамыту идеологиясын әзірлеумен айналысатын қазақстандық ІТ-компаниясының қауымдастығы болып табылады.