Домбыраны нотасыз үйренуге бола ма?

Мен баламды домбыра үйірмесіне берсем деп едім. Соңғы уақытта домбыраны нотасыз да үйренуге болады деген жаңалықты құлағым шалып қалды. Осы туралы толығырақ ақпарат берсеңіздер.
Орал Бекқызы,
Алматы облысы

Домбыраны нотасыз үйрету туралы жаңа бағдарлама жасап, оны қолданысқа енгізу туралы бастама көтеріп жүр­ген «Көкіл» колледжінің директоры Абдулхамит Райымбергенов мырза. Сіздің сауалыңызға орай біз автор­мен тілдескен едік. Оның айтуынша, «Мұрагер» деп аталатын бағдарлама қазақ халқының дәстүріне сүйене отырып жасалған.

 – Бағдарлама осыдан 25 жыл бұрын қолға алынып, содан бері дамытылып, жетілдіріле түсуде. Домбыра – қазақ халқының ұлттық ерекшелігін көрсететін аспап. Осы орайда осы аспапта ойнауды үйрену балаларға оңай болу үшін оны нотасыз, ауызша үйреткен жөн деп таптық. Бұл бағдарлама бойынша бір мезетте бірден 700 балаға бір күйді үйретуге болады. Сонымен қатар біз баланың жасына байланысты кітаптан бөлек қызықты әдіс-тәсіл­дерді пайдалану арқылы сабақтар өтеміз, – дейді белгілі домбырашы Абдулхамит Райымбергенов. Бағдарламаның авторларының бірі Ұлжан Байбосынова келтірген дерек­терге сүйенсек, бүгінде 61 қазақ орта мектебінде 8000-нан астам оқушы осы бағдарлама бойынша білім алады екен. Мамандар «Мұрагер» бағдарламасы ұлттық ерек­шелігімізді айғақтайтын басты құрал ретінде халыққа кеңінен таралып, музыка пәні бойынша негізгі стандартқа енсе, құба-құп болар еді деген ойда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста