Діни бірлестікті тіркеу үшін қандай құжаттар керек?

Елімізде діни бірлестікті кімдер құра алады және діни бірлестік құрып, тіркеу үшін қандай құжаттар керек?
Абзалбек Қанышпаев, Талдықорған
ҚР Дін істері агенттігінің сайтындағы (https://www.din.gov.kz) мәліметтер бойынша, діни бірлестік 18 жасқа толған, құрылтай жиналысын (съезін, конферен­циясын) шақыратын ҚР азаматтарының бастамасы бойынша құрылады. Онда діни бірлестікті құру, оның атауы, жарғысы туралы шешімдер қабылданады және оның басшылық органдары құрылады. Азаматтар құрылтай жиналысына (съезіне, конфе­рен­циясына) өз еркі бойынша жеке түрде қаты­сады. Республикалық діни бiрлестiк­тердi және өңірлік діни бірлестіктерді мем­лекеттiк тiркеудi ҚР Әдiлет министрлiгi жү­зе­ге асырады. Жергілікті діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады. Діни бірлестікті құру туралы шешім қабылданған сәттен бастап екі ай мерзім ішінде тіркелу үшін тіркеуші органға өтініш беріледі. Өтінішке: 1) діни бірлестік басшысының қолы қойыл­ған діни бірлестіктің жарғысы; 2) құрылтай жи­налысының (съезінің, конференциясы­ның) хаттамасы; 3) тіркеуші орган белгіле­ген нысан бойынша электрондық және қа­ғаз жеткізгіштердегі құрылатын діни бірлестіктің бастамашы азаматтарының тізімі; 4) дiни бiрлестiктiң орналасқан жерiн растайтын құжат; 5) діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашып көрсететін және осы ілімге сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтер қамтылған діни баспа материалдары; 6) заңды тұлғаны мемле­кеттік тіркеу үшін алымдар төлемін растай­тын құжат; 7) діни бірлестіктің басшысын сайлау туралы шешім не шетелдік діни орталық басшыны тағайындаған жағдайда уәкілетті органмен келісілгенін растайтын құжат қоса беріледі. Діни білім беру ұйым­дарын қоспағанда, діни бірлестіктен басқа өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда діни қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста