Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілері қандай?

Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілері қандай?

Осы мемлекеттердің демократиялық даму жолы әртүрлі болып келеді. Бұл жағынан демократиялық ерекшеліктері де жоқ емес. Дегенмен демократиялық елдердің ортақ негізгі белгілері қандай?
Меруерт ЕСКЕРБАЕВА,
Тараз
Демократияның мақсаты – қоғамда өлшемсіз, ретсіз бостандық орнатып, билікті әл­сірету, бәсеңдету емес, көпшілік үшін қа­жет­ті тәртіп орнату.
Демократия – ол бостандықтың өзі емес, демократия – бостандықты ор­на­ту­дың жолы. Демократия мәселесіндегі ма­ңыз­ды сұрақтың бірі – демократиялық мемлекет қандай болуы керек? Де­мо­кра­тиялық мемлекеттер бір түрде, бір ғана жол­­мен орнықпайды. Бірақ демо­кра­тия­лық мемлекеттердің көп түрлілігіне қа­ра­мас­тан, олардың бәріне ортақ белгілері бар.
Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілері:
1. Саяси биліктің негізгі органдарының сайлануы.
2. Шешім қабылдаудағы азшылықтың көпшілікке бағыну тәртібін ресми мойындау.
3. Азаматтардың жалпыға бірдей сайлау құ­қығының болуы.
4. Сайлауда бір орынға бірнеше үміткердің болуы (балама сайлау).
5. Саяси, экономикалық, рухани әртүрлілік.
6. Саяси биліктің үш тармағының болуы.
7. Қарсылықты (оппозицияны) заңдылық ретінде мойындау.
8. Саяси биліктің заңға бағынышты болуы.
9. Қоғамдық-саяси шешімдер қа­был­даудағы жариялылық.
10.Азаматтардың заң алдындағы тең­дігі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста