Құрбым маған дельфинотерапия алуға кеңес берді. Бірақ оның не екенін толық түсіндіре алмады. Расында, ол қандай терапия, қандай ауруларға шипасы бар?
Ләзиза Айбатыр, Ақтөбе қаласы
Дельфин – жалпы сүйкімді жануар, ал оның өз бойынан бөлетін дыбысты сәулесі – тіпті таңғаларлық ғажайыптарға ие шипа. Ең ғажабы, ол адамның ауыратын жерін өзі анықтап, өзі диагноз қойып, өзі емдейді. Ал «теңіз емшісі» нені емдеп жаза алады? Біріншіден, бала көтере алмай жүрген әйелдердің бедеулігін жазады, ми қызметінің бұзылуын реттейді, есту қабілетін қалыпқа келтіреді, сондай-ақ гендік ауытқу, жүйке жұқару, тіпті аутизмнің өзін құлан-таза сауықтырады. Дельфинді ең таптырмас антидепрессант деп атайды дәрігерлер, яғни өмірден баз кешіп кеткен жанның өзі сүйкімді жануардың емінен соң тіршілікке деген құштарлығы оянып, құлшына кірісетін болса керек.
Ал емдеу процесі теңіз суы толтырылған бассейнде өтеді. Суда жүзудің өзі адамның көңілін көтеріп, серпілтетінін білеміз, ал оған дельфин қосылғанда, ол – әрі ем, әрі белгілі бір дәрежеде рахат та. Адамның баласы тегінде ақ халаттылардан қорқатыны ескеріліп, бұл емдеу процесінде ветеринар, психолог, жаттықтырушы және дәрігер сырттай ғана қадағалап, ал өздері тікелей көрінбейді. Дельфинотерапияның басты ерекшелігі де сонда деуге болады.
Дельфин қандай «дәрігер»?
Последние статьи автора