Анам басы ауырып қалса не суық тисе дәрігердің кеңесінсіз-ақ аспирин ішуді әдетке айналдырған. Аспиринді осылай орынды-орынсыз ішу зиян емес пе?
Жазира Темірсұлтанова, Алматы қаласы
Дәрігерлердің мәліметінше, рұқсатсыз ішілген кез келген дәрінің ағзаға зияны болуы мүмкін. Соның ішінде, аспиринді үнемі қолдану ағзаға айтарлықтай қауіп төндіреді. Дәріні жүрек талмасынан сақтанамын деп ішкен адамның асқазан жарасы ауруына шалдығуы немесе миына қан құйылуы ықтимал. Негізі, аспириннің тек инфарктің алдын алуға ғана қолданылуы тиіс. Оның өзінде дәрінің тәуліктік дозасы 75 миллиграмнан аспауы керек. Ал іш құрылысы ауыратын, қан қысымы бар және басқа да аурулар бұл препаратты мүлдем қолданбағаны жөн.