Халқымыз көне дәуірлерде жауырынға қарап, алдағы ауа райын болжағаны белгілі. Ал күн райын ғылыми тұрғыдан болжау тәжірибесі қай кезден бері бар?
Әлия Қамбарова, Алматы қаласы
«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының мәліметінше, елімізде алғашқы метеорологиялық бақылаулар 1848 жылы Қазалы қаласында жүргізілген. Кейінгі жылдары біртіндеп тәжірибе Семей, Қызылорда, Алматы, Орал қалалары мен Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында қолданыла бастаған. Ал 1890 жылы Ертіс өзенінде тұңғыш гидрологиялық бақылау жасалды. Өткен ғасырдың 20-жылдарына дейін елімізде 84 метеорологиялық стансы мен 22 гидрологиялық тұрақ жұмыс істеген. 50-жылдарға дейін метеорологиялық қызмет ғылыми, материалдық-технологиялық жағынан жетіле түсті. Кейін атмосфера құрамын анықтау жұмыстары дами бастады. 1970 жылы Жердің жасанды серіктері арқылы ауа райына қатысты алдын ала ақпарат алу мүмкіндігі пайда болды. Бүгінде ауа райын болжаумен айналысатын еліміздегі негізгі мемлекеттік мекеме «Қазгидромет» – Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымға мүше. Болжау қызметі халықаралық ISO 9001:2000 сапа сертификатына ие.
Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымға мүшеміз
Последние статьи автора