Арнайы курстарды оқу арқылы бизнес-кеңесші мамандығын алуға болатыны рас па? Осы жайында толық мәлімет берсеңіздер?
Айдана НАЗАРБЕКҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Расымен де, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында елімізде арнайы курстар оқу арқылы бизнес-кеңесші сертификатын алуға болады. Оқыту-тренингтері бойынша қызмет ақысыз көрсетіледі және оған мыналар кіреді: а)жұмыс істеп жүрген және өз бизнесін ашу және кәсіпкерлік қызметті тиімді басқару саласы бойынша әлеуетті кәсіпкерлердің білім деңгейі мен дағдыларын арттыруға бағытталған қысқамерзімді (екі-үш күндік) оқу курстарын ұйымдастыру; б) өз бизнесін ашу (істі бастау варианттарын, саланы таңдау, бизнес-жоспар әзірлеу, қаржыландыру көзін іздестіру, қызметті жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық формасын айқындау, салық салу тәртібі, құрылтай құжаттарын әзірлеу, фирманы тіркеу, банктік шот ашу, қажетті рұқсат пен лицензиялар алу тәртібі); в) бизнесті жүргізу (бизнесті басқару, келісімшарттар жасасу негіздері, өндірістік үдерісті ұйымдастыру, тиімді басқару, бизнесті оқып үйрену, есеп жүргізу, бизнесті алға жылжыту: жарнамалау және маркетинг жүргізу, фирманы қайта құру және тарату, бизнесті сату).
Әрбір экспресс-курс таныстыру-таныту әдісінің заманауи үлгілері мен технологияларын қолдана отырып оқыту-тренинг түрінде өткізілетін болады. Оқу нәтижесі бойынша тыңдаушыларға арнайы сертификат беріледі. Бұл сертификат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арқылы ұйымдастырушылар атынан берілетін болады. Семинарға қатысқысы келгендер тіркелуі үшін «Даму» қорының аймақтық филиалына немесе өздері тұрған жердегі аудандық әкімдіктерге өтініш берулеріне болады.
Бизнес-кеңесші мамандығын алуға болады
Последние статьи автора