Бір жыл толмай, еңбек демалысына шыққанда төлемақы қалай төленеді?

20 жыл еңбек өтілі бар дәрігер сегіз ай толық жұмыс істеген соң, еңбек демалысына шыққанда, оның төлемақысы қалай есептеледі?
Мәдина САПАРОВА,
Алматы облысы
Сарапшы мамандардың мәліметінше, ҚР Еңбек ко­дек­сінің 100-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек дем­алысының ақысы бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстем­е­ақы­лар, сый­лық­ақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті ке­зең­дегі орташа күндік (сағат­тық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.
Орташа жалақыны есептеуде Ереже қо­сым­ша­сына сәй­кес, тұрақты сипаттағы емес төлемдер еске­ріл­мей­ді.
Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (са­ғат­тық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күн­дерінің (жұмыс сағаттарының) санына кө­бейту жо­лымен есептеледі.
Орташа күндік (сағаттық) жалақы барлық жағ­дай­лар­да есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше, бес күн­дік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына бөлу жолымен анық­талады.
Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтел­месе, он­да орташа күндік (сағаттық) жалақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақының сомасын осы жұмыс істеген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына тиісінше бөлу жолымен анықталады.
Есеп айырысу кезеңі – төленуі тиіс ақымен (тө­лем­мен) байланысты оқиғаның алдындағы ұзақтығы он екі күнтізбелік айға тең кезең, не егер қызметкер жұмыс бе­рушіде он екі күнтізбелік айдан кем жұмыс істеген болса, орташа жалақыны есептеу үшін пайда­ла­ны­латыны нақты жұмыс істеген кезең.
Осыған орай, егер тараптардың келiсiмi бойынша қыз­меткерге еңбек демалысы толық берілсе, оған төлемақы барлық күндеріне (жұмыс күндері), егер нақ­ты жұмыс атқарған уақытына қарай берілсе, онда тө­лем­­ақы, тиісінше, сол күндерге келетін жұмыс күн­деріне жүргізіледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста