Мемлекеттік қазыналық кәсіпорында, яғни балабақшада 10,5 сағаттық режимдегі жұмыс істейтін тәрбиешіге штаттық кестеге сәйкес айлық жалақы қалай төленуі тиіс? Егер балабақшадағы бір тәрбиеші екінші тәрбиешіні ауыстырғанда бірінші тәрбиешінің еңбекақысы екінші тәрбиешіге толық төлене ме?
Тұйғынай Қошқарова, Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарапшы мамандардың айтуына қарағанда, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 91-бабына сәйкес, жұмыс берушi қызметкердiң нақты жұмыс iстеген жұмыс уақытын есепке алуды жүзеге асыруға тиiс.
Осыған орай, ауысымдық жұмыс кезiнде қызметкердің барлық нақты жұмыс атқарған сағаттарына төлем жүргізіледі.
Ал азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) реттеледі.
Қаулыдағы 19-қосымшада мамандарға, қызметшілерге және жұмысшыларға уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы белгіленген. Оның мөлшері жұмыстың нақты көлеміне қарай анықталады.
Егер тәрбиеші уақытша болмаған тәрбиешіні өзінің демалыс күнінде ауыстырса, оған Кодекстің 97-бабы қолданылады.
Бір қызметкер екінші қызметкерді ауыстырғанда ақы қалай төленеді?
Последние статьи автора