Безгек ауруының белгілері қандай?

Безгек деген қандай ауру? Оның белгілері қандай? Алматы қаласы маңында безгек ауруын тасымалдаушы жәндіктер бар ма?
Жомарт Қабылханов,
Алматы облысы
Нарын ТҰРСЫНОВА, Жетісу ауданы бойынша МСЭҚБ эпидемиологиялық бөлімнің бастығы:
– Безгек – бұл өте қауіпті пара­зит­арлық ауру, ол ауру адамдардан сау адамдарға безгек масаларының шағуы арқылы жұғады.

Ауру белгісі науқастың бауы­ры­ның, көк бауырының ісінуімен, қанның қызыл түйіршіктерінің азаюы­мен, дене қызуының көте­рі­луі­мен сипатталады. Аурудың инку­ба­циялық кезеңі – бір-алты апта (кейде – бір жыл). Безгек күнде, күнара, кейде үш-төрт күнде денені құрыстырып, тоңдырып, діріл­детіп басталады да, дене қызуы 40˚С-қа дейін көтеріледі. Науқас санды­рақ­тап, денесі сарғаяды. Аурудан сақтану үшін мынаны есте сақтау керек: Бөлмеде ұйық­тағанда есік-терезені торлау, инсек­тицидтер себу, кешке қол мен аяқ жабылатын киім кию керек, ашық денеге репеленттер, масаны үркітетін крем қолдану керек, масаны құрта­тын аэрозольдар, болондар, инсек­ти­цид­тер қолдану керек.
Диагноз зертханалық жолмен қан­­ды микроскопиялық зерттеу (қан­ның толық тамшысы) арқылы безгек пара­зит­терін тапқаннан кейін қойы­ла­ды.
Безгек диагнозы анықталған нау­қастар немесе паразит тасымалдаушы дереу медициналық ұйымның ауру­ха­на­сына жатқызылып, әрі қарай дәрі­герлер ем қолданады.
Алматы қаласы безгек ауруына қолайлы аймақта орналасқан. Қала маңында безгек масаларын тарататын 16 анофелогенді суат бар. Сондықтан бұл аймақта безгек ауруын жұқтыру қаупі өте жоғары.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста