Беттегі тыртықты қалай кетіруге болады?
Менің бетімнің бірнеше жерінде тыртық бар. Қыз бала болған соң, кейде оны жасырып жүруге тырысамын. Беттегі тыртықтарды қалай кетіруге болады? Бәлкім, пластикалық операция жасатуым керек пе? Құрбыларым тыртықтарды лейшманиоз шығар дейді.
Гүлім Мәжитова, Алматы қаласы
Тері лейшманиозы – эндемиялық жұқпалы ауру. Ол, негізінде, адамды шіркей шаққанда пайда болады. Шіркей тері астында лейшмания қалдырады. Инкубациялық кезеңнен кейін шіркей тістеген жерлерде қабыну инфильтраты түзіледі, ол жарамен жайылады. Жараның орнында күйген сияқты дақ, тыртықтар қалып қояды. Қазірше медицинада лейшманиялық тыртықтарды емдейтін амал жоқ. Сондықтан бетіңіздегі тыртықтардан тек қана косметологиялық операция арқылы ғана құтыла аласыз.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу