Бесінші балаға берілетін сүйінші пұл мөлшері қанша?

Бесінші бала дүниеге келгенде берілетін сүйінші пұл мөлшері қанша? Жұмыс істейтін анаға бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы қанша болады?
Айнагүл ЕЛЕМЕСОВА,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар (бала тууына байланысты тағайын­далатын біржолғы мемлекеттік жәрдем­ақы, бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы) Қазақстан Республика­сының «Балалы отбасыларға бе­рілетін мемле­кеттік жәрдемақылар туралы» Заңымен реттеледі. Заңның 4-бабына сәйкес, туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасы­лардың:
Бала туғанда берілетін жәрдемақы:
1. Бірінші, екінші, үшінші баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы – 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) (2013 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап АЕК-1731тг. құрайды), төртінші және одан кейінгі балаларға 50 АЕК.
2. Бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын жағдайда (жұмыс істемейтін) бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы:
 бірінші балаға – 5,5 АЕК
 екінші балаға – 6,5 АЕК
 үшінші балаға – 7,5 АЕК
 төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,5 АЕК.
Баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу­шы болып табылатын жағдайда (жұмыс істейтін) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес тағайындалатын бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшері бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 айдағы қорға түскен әлеуметтік аударым­дардың негізінде есептеліп (әлеуметтік аударымдарды төлеудегі үзілістерге қарамастан), орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста