Бесікке бөлеу ғұрпын ұмытпайық

Мен жаңадан отау құрдым. «Алғашқы нәрестемді бесікке бөлеп өсірсем» деген ойым бар. Бесікке бөлеудің ырым-жоралғыларын білгім келеді. Бесік туралы да біраз мағлұмат беріп кетсеңіздер екен.

Айнұр ӨСЕРБАЙҚЫЗЫ, Алматы қаласы

 Қазақта «бесікке салар» деген жоралғы бар. Ол – баланы алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл әйелдері шашуын, жол-жорасын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің анасы түбек- тің тесігінен балаларға тәтті үлес–тіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың аман-есен ержетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді.

Бесік кертпе – отқа табыну ғұрпының бір көрінісі. Баланы алғаш бесікке саларда қарт аналардың біреуі шымшуырды отқа қыздырып, сонымен бесіктің басын, арқалығын қарып кертеді. Бұл – от пен оның иісінен жын-шайтан қашады деген сенім–нен туған рәсім. Қазақстанның кей жер–лерінде ертеде «бесік кертпе құда» болып, қыз бен ұлды бесіктегі кезінен атастыру салты да болған. Мұндайда ұлдың ата-анасы қыздың бесігін кертіп, теңге тағып, жол-жоралғы жасаған.

Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Бесікпен бірге құс төсек, жастық, жөргек, қолбау, тізе–бау, тізе жастық, бесік көрпе даярланады. Бесіктің жер бесік және аспалы бесік деген екі түрі бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста