«Бальзак жасы» деген ұғым қайдан шыққан? Және оған қай жас мөлшері жатады?
Сәуле, Атырау
Оноре де Бальзактың (1799-1850) «Тридцатилетняя женщина» (1831) шығармасы шыққаннан кейін 25 пен 35 жас аралығындағы әйелдерді «Бальзак жасындағы» деп атай бастады. Атақты француз романисінің басты кейіпкері өзінің сезімін білдіруде еркін әрі тәуелсіз, ойын айтуда батылдық танытуымен ерекшеленген болатын. «Бальзак жасы» термині әуелде Бальзактың кейіпкеріне ұқсағысы келген әйелдерді сынап, мысқыл ретінде айтылған. Кейіннен сөз мағынасы өзгеріп, тек жас мөлшеріне ғана қатысты айтылатын болды. Қазір қырықтан асқан әйелдерді солай атайды. Жас мөлшерінің бұлай өзгеруіне физиологиялық негіз әсер еткен. Әйел гормонының шыңы – 35-40-қа дейін жетеді, кейбірінде тіпті 50-ге дейін барады. Оның үстіне, қазіргі әйелдер өзінің жастығын сақтап қалуға тырысатын болды. Бұрындары құдай қанша берсе, сонша бала таба берем дегендер бүгінде бір-екі баламен шектеліп, билікке араласып, жеке ой айтып, өзін-өзі биік ұстауға тырысып бағып жатыр. Оған бизнес-бикештердің көбеюі басты себеп.
«Бальзак жасы» – қай жас?
Последние статьи автора