Былтыр ата-анасыз қалған туысымның баласын асырап алуға қол жеткіздім. Қолымда Білім департаменті мен сот органдары берген құжаттар бар. Енді АХАЖ-ға тіркету үшін қандай құжаттар қажет екенін білгім келеді.
Инеш Досмағанбетова, Алматы қаласы
ҚР Әділет министрлігі мамандарының мәліметінше, ҚР Азаматтардың хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ереженің 138-тармағына сәйкес, бала асырап алу дерегі міндетті түрде әділет органдарына тіркелуі тиіс. Бала асырап алуды тіркеу туралы өтініш жазбаша тапсырылуы қажет. Талап етілетін құжаттар: бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжат, бала асырап алу туралы сот шешімінің лауазымды тұлғаның қолы қойылған және мөрі басылған көшірмесі, асырап алынатын баланың туу туралы куәлігі.