«Байқоңыр» ғарыш алаңы қай жылы құрылды?
«Байқоңыр» ғарыш алаңы қай жылы құрылды және қай жылы алғаш ракета ұшырылды?
Айбек, 8-сынып оқушысы, Алматы қаласы
«Байқоңыр» ғарыш аймағы Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында орналасқан. Адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған «Байқоңыр» ғарыш аймағының дүниеге келуі ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі болды. 1955 жылы қаңтардың 12-сінде «Байқоңыр» ғарыш аймағының қазығы қағылды. 1957 жылы 4 қазанда ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы ұшырылды. Ол дүниежүзіндегі ең бірінші жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. «Байқоңырдан» тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен адамзат баласы 1961 жылы ғарышқа аттанды.
1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров «Союз Т - 13» ғарыш кемесімен «Байқоңырдан» ғарышқа көтеріледі. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев ғарышта екі рет, 1994,1998 жылдары болды.