Елімізде интеллектуалды меншік иелері заңмен қаншалықты қорғалған? Жалпы, авторлық және сабақтас құқықтар қандай құқықтармен қамтамасыз етіледі?
Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына сәйкес, авторлық құқықпен қорғалатын тұлғалар және олардың мұрагерлері, яғни «құқық иеленушілер» белгілі бір құқықтарға ие. Олар пайдалануға немесе келісілген мезгілге басқаларға туындыны пайдалануға рұқсат беруге айрықша құқылы. Құқық иеленуші мынадай іс-әрекеттерге рұқсат етуге немесе тыйым салуға:
– туындыны қайта шығаруға, оның түпнұсқасын немесе даналарын кез келген тәсiлмен таратуға, сатуға, айырбастауға, жалға беруге, бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауға, өзге тілге аударуға немесе басқаша түрде қайта өңдеуге құқылы.
Жазу және қайта шығару сияқты құқықтар сабақтас құқықтармен қорғалады. Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларды пайдаланушы өзге жеке және заңды тұлғалардан қаламақы талап ете алады. Авторлық құқықтың қолданылу мерзімі автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. Бұл автордың мұрагерлеріне белгілі бір мөлшерде материалдық пайда көруге мүмкіндік береді.